Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ОРАЛДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
28 қыркүйек, 2018 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында Орал қаласының іргесіндегі Серебрякова кентінде салынған Айту ата мешітінің ашылуына қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

"Бұл өмірге келген әрбір пенде өзінің артынан өшпес мұра немесе өшпес із қалдырып кетсем деп армандайды. Оған жетер жол Ислам шариғатында жатыр. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Өйткені, мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені", - деді.

Мерекелі шарада елімізге белгілі жыршы-термеші Жәкен Омаров тағылымды толғаулардан шашу шашты.

Алла үйінің ашылу салтанатында Бас мүфти жаңа мешітке өзінің арнайы сыйлығын табыс етті.

Мешіт 200 адамға арналып салынған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары