ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігімен облыстық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бірлесіп ағымдағы жылдың шілде айынан бастап шығысқазақстандық имамдады қамтып, «Діни экстремизммен терроризмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісім моделін дәріптеу үшін облыстық ақпарат түсіндіру топтарының мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған 3 айлық семинарын» ұйымдастырған болатын.
Осы оқу семинарының аяқталуына байланысты 60-тан астам имамдарға сертификат тапсыру шарасы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті.
Салтанатты шараға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінң меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы, Семей аймағының өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директоры Ернат Қыдырмоллаевтар қатысты.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Ислам діні білімді болуды, ілім іздеуді биік қоятындығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар шарада Семей аймағының өкіл имамы Мақсат Қуанышұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Ернат Қыдырмоллаевтар имамдарды белсенді қызмет етуге шақырды.
Салтанатты рәсімде 3 айлық білім жетілдіру семинарында оқыған имамдарға куәлік табысталды.
Пікірлер