Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Өскеменде «Өңірлік II имамдар форумы» өтті (ФОТО)
02 қазан, 2018 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Зайырлы мемлекеттегі зиялы имам» атты өңірлік II имамдар форумы болып өтті.

Алқалы жиынға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай ұстаз Құрбанұлы, қала, аудан, ауыл имамдары, облыстық, қалалық ардагерлер ұйымдарының басшылары, Шығыс Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшысы Ернат Қыдырмоллаев және кейбір ауылдың әкімдері қатысты.

Шараның негізгі нысанасы зайырлылыққа қатысты ислами құндылықтарды насихаттау, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, рухани жаңғыру үн қосу, зиялы имамдар корпусын қалыптастыруға арналған шаралар жасау қатырлы істерге бағытталды.

Жиынды ашып сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы:

«Зайырлы мемлекетте имамдарымыз зиялы болуға тиіс. Діни қызметкерлеріміз іскер, білімді, жан-жақты болу арқылы исламның асыл құндылығын паш етеді»,- деп имамдардың алдында тұрған басты міндеттерді атады.

Форумда ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай ұстаз имамның келбеті жайлы терең тағылымға толы баяндама жасап, сөз соңында: 

«Имамдық деген ардақты пайғамбарымыздан мирас болған аса абыройлы қызмет. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан имамдарға қамқорлық жасалып отыр. Діни қызметкерлер барлық жақсылық атаулының жаршысы болып, асыл дінімізді насихаттау жолынан танбауы керек»,- деп түйіндеді.

Сонымен қатар ШҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Е.Қыдырмоллаев, Күршім ауданы әкімдігінің бас маманы Л.Әмерғалиқызы, Өскемен қалалық ардагерлер қауымдастығының орынбасары Р.Түсіпов, Күршім ауданының бас имамы Т.Соянұлы қатарлы тұлғалар сөз сөйлеп, зиялылыққа қатысты ойларын ортаға салды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары