Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак университетінде ғылыми жобалар жүзеге аса бастады
02 қазан, 2018 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

Еліміздің рухани, тарихи саласына жаңа леппен келген ғалымдар толқынының бір топ өкілі қазанның алғашқы күні «Имам Матуриди және матуриди сенім мектебі» атты дөңгелек үстел басында пікір алмасты. Бұл университет жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының мемлекеттік грантты жеңіп алған «Қазақ қоғамында діни сананы қалыптастыруда матуридилік сенім жүйесінің рөлі мен Ислам-іші плюралистік дискурс шығару перспективалары» атты жоба аясында ұйымдастырылған шара. Модератор әрі ғылыми жоба жетекшісі ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, доцент Алау Әділбаев бұл жобаның мақсаты мен маңызына тоқтала келе беташар сөзді проректор, доцент Қайрат Құрманбаевқа берді:

«Бүгінде кейбір діни ұстанушылар арасында Матуриди десе ғалымның кім екенін білмей, еңбектерінен бейхабар бола тұра жағымсыз пікір айтушылар бар. Матуриди десе Пайғамбар мектебі, ақидасына, яғни сеніміне апаратын дәйекті деректер халыққа қарапайым, түсінікті тілде жеткізетін дүниелерді дүниеге әкелсе, онда жоба мақсаты жүзеге асты деп айтуға болады. Сондықтан жобаға сәттілік тілеймін»,-деді.

Ал бұл жобаға бөлінген мемлекет қаржысының там-тұм екендігіне қарамастан, университетке, мемлекетке пайдасының салмағына мән беріп, ұсынылған 1500-дей жобаның ішінен оза шығуына барынша ден қойған профессор Шамшәдин Керім, философ, профессор Қайрат Затов өз ойларымен бөлісіп жобаға сәттілік тілеп, сенім білдірді.

Осы тақарапта ғылыми зерттеу жасаған PhD доктор Асқар Әкімханов, докторанттар Р.Әкімбеков, С.Тәжібаев, Ш.Сырым зерттеген мәліметтерімен бөлісті. Шара соңында жоба аясында имам Матуриди жайлы ұжымдық монография, хрестоматиялық еңбектер шығару мәселесі түйінделді.      

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары