Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: ӨКІЛ ИМАМ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
03 қазан, 2018 жыл 136 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен қаладағы оқу орындарында жастармен кездесу өтті.

Осыған орай ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы қаладағы қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің жаңадан тағайындалған директоры Қ.Ақпанов мырзамен кездесіп,  өкілдіктің жоспарларымен бөлісіп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.

Бұдан кейін колледж студенттеріне «тәрбие», «білім», «ата-ананың разылығына жету», «деструктивті діни ағымдардың қоғамға зардабы» тақырыптарында уағыз айту арқылы жастарды мейірімділікке, имандылыққа, бәсекеге қабілетті маман болуға шақырып, білімді адамның – алар асуы көп екенін түсіндірді. Өнегелі оқиғалар мен ғибратты әңгімелерден өмірлік мысалдар келтіріп, сұрақтарына жауап берді.

Сонымен бірге жоспарға сәйкес, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қарасты №1 жатақханада еркін пікір алмасу форматында өткізілген кездесуде өңірдегі «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі, қалалық «Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев «адам өзгеруі үшін не істеуі керек», «айналасындағылармен көркем мәміледе болу», «дінді дұрыс ұстану», «бос уақытты тиімді пайдалану жолдары» тақырыптары төңірегінде ағалық ақыл-кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары