Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ КЕҢЕСШІСІ МҮФТИЯТҚА ИГІ ЖОБА ҰСЫНДЫ (ФОТО)
03 қазан, 2018 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен мырзамен кездесті.

Кездесуде Сағатбек Болатбекұлы Бас мүфтиге елімізде билер институтын жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Атап айтқанда, азаматтарды сотқа дейін татуластыру, бітімге шақыру, араағайындық дәстүрді қайта жаңғырту бойынша бірлесе қызмет ету мәселесі сөз болды. Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі бұл бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда мүфтият қызметкерлері мен имам-молдалардың ықпалын айрықша атап өтті.

Өз кезегінде Серікбай Сатыбалдыұлы: «Халықты бірлік пен ізгілікке, татулық пен мейірбандыққа үндеу – мүфтияттың негізгі қызметтерінің бірі. Біз бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға әзірміз. Халықты ымыра мен бітімге, өзара келісімге шақыру – түрлі мекемеде түрлі миссияны атқарып отырған жетекші тұлғалардың асыл міндеті. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», – деген нақыл бар. Біз біріксек, ізгі іс-шаралар мен игі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыратын боламыз», – деп атап өтті.

Басқосуда тараптар ҚР Жоғарғы Соты мен ҚМДБ арасында арнайы меморандум қабылдауға уағдаласты. Сонымен қатар, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, конференциялар мен дөңгелек үстел, арнайы басқосулар өткізуге келісті. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары