Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылының аясында 14 қыркүйек күні «Қазақи таным-түсініктегі отбасы құндылығы» тақырыбында журналистермен кездесу болып өтті. «Ақ кеме» кафесіне өңірдегі облыстық және республикалық басылымдардың өкілдері жиналып, жанұя жарасымдығы жайында ой бөлісіп, пікір алмасты.
«МаңғыстауТВ» телеарнасы директорының орынбасары Гүлнұр Қалдыбаева отбасындағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы өз пікірін білдірсе, «Хабар» арнасының Маңғыстаудағы тілшісі Гүлмира Әбішева бала тәрбиесіне қатысты ойын айтты. «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-нің директоры Сағындық Рзахметов қазіргі қоғамдағы түрлі кертартпа ағымдардың жәйі ойландыратынын алға тартты. Журналист, «Ойлы жас» мектебінің жетекшісі Бауыржан Әнуарбек отбасындағы ата-ананың орны туралы айтып өтті.
Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Зиядолла Еміл тақырып аясында журналистердің барлық сауалдарына жауап беріп, исламның ақ жолы хақында ой бөлісті.
Пікірлер