Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Елбасы «Ауыл - ел бесігі», «Сарбаз» және «Өз жеріңді танып біл» бастамаларын көтерді
05 қазан, 2018 жыл 161 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық жерді қолдау және жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы бойынша тың бастамалар көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл - ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сонымен қатар «Бойскаут» қозғалысы секілді «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту керектігін атап өтті. Бұл бастамаға Елбасы Қорғаныс министрі атсалысар деген сенім білдірді.

«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша мектеп туризмін жаңғырту керек. Мәдениет және спорт министрі бұл мәселені қолға алса - жас ұрпақ жыл сайын аралап Қазақстанын - Отанын тереңірек біле түседі», - деді Президент.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары