Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті жамағат арасында түрлі маңызды басқосулар өткізіп келеді. Мұндағы басым бағыт әсіресе жастармен жұмыс істеуге арналған.
Биылғы оқу жылы басталғаннан бері аптаның әр жексенбі күні студенттерге арнап дәріс оқылады. Мешітте қайырымдылық дастарханы жайылып, ас берілуде.
Басқосуда мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев діни құндылықтар жайлы уағыз айтып, жастармен басқосулар өткізуде.
Студенттерге мешіт қызметкерлерінің мұндай қамқорлығы, үміттерін үкілеп, талаптарына қанат бітіргендей.
Сондықтан да болар, олардың оқу-білімге деген құштарлығы бұрынғыдан да артып, діни құндылықтарға деген ынталары күшейе түсуде.
Пікірлер