Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Футболдан Нұр-Мүбарак ректорының кубогына 24 команда таласты
16 қазан, 2018 жыл 118 Басып шығару нұсқасы

Екі күнге созылған Нұр-Мүбарак университеті ректорының кубогына студенттік топтар арасынан 24 команда таласты. Университеттің Тәрбие және дін істері бөлімінің ұйымдастыруымен өткен футбол сайысының басында  бөлім маманы Мейрамбек Шинтемир, Жастар ісі комитетінің спорт секторы Айдос Әсет ережелерді тәптіштеп түсіндірді. Ал оқу орнының медициналық қызметкері Мира Хұсаинова ханым ойынның бас-қасында болып, футболшылардың жалпы жағдайын бағдарлап отырды.

Өте жоғары деңгейде тартысты өткен кубокта  3-орынды (қысқартылған) «Бә» тобы, екінші жүлделі орынды 4 курс «бә» тобы иеленсе, 3 курс «Әлиф» тобы «Ректор кубогының» жеңімпазы атанды.

«Ректор кубогының» ең үздік қақпашысы  А.Жаслан, ең үздік шабуылшы М.Темірлан және ең үздік ойыншы С.Абдулла атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, төсбелгілер және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары