Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ: Имамдар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды
19 қазан, 2018 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен марқұм Әшірбай қажы Орашұлының құрметіне имамдар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Аталмыш шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы орынбасары М.Естеміров, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ы.Майлан, «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұстазы Б.Жүсіпов, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы К.Садықов, «Шымкент» медресе-колледжінің ұстазы Ғ.Оққасов, Орталық мешіттің ұстаздары О.Өзташ, М.Сәрсенбаевтар төрелік етті.

Жарыс үш аталым бойынша жүргізілді. Жарыс барасында «Имамдар арасында мәнерлеп оқудан» 1-ші орын иегері «Нарынбай ата» мешітінің имамы М.Миракмал, 2-ші орын «А.Қаттани» мешітінің наиб имамы Т.Ақтөре, «Байғұт баба» мешітінің наиб имамы А.Медетбеков ие болды.

Сонымен қатар, жас қариларымызды жігерлендіру мақсатында қосымша екі айналым ұйымдастырылды. «Қарилар арасында толық Құран бойынша» 1-ші орын иегері З.Жанғазиев, 2-ші орынды Б.Жеткербай, 3-ші орынды Д.Рамазан алса, ал «Шәкірттер арасында 10 пара бойынша» 1-ші орын А.Махан, 2-ші орын А.Каров, 3-ші орынға  А.Жүнісов иегер атанды. Ал қалған қатысушыларға өкілдік тарапанан алғыс хат пен қаржылай сый-сияпат берілді.

Айта кету керек, осы жарысқа орыс ұлтының өкілі Андрей Манькеевич деген азамат 10 пара бойынша қатысып таңдай қақтырды.

Айтулы шараның бас демеушісі Әшірбай қажы Орашұлының ұрпақтарына алғыс айтамыз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары