Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тараз: Рухани келісім - бейбітшілік тірегі
19 қазан, 2018 жыл 177 Басып шығару нұсқасы

18-қазан «Рухани келісім» күні Жамбыл облысы дін істер басқармасы Омаров Жангелді Жайлауұлы еліміздегі діни бірлестіктер мен конфессия өкілдерін мерекемен құттықтады.

Жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы «Ислам - дінаралық келісімге бастайтын дін» тақырыбында баяндама оқыды.

Құранда: «(Елшім), былай де: Ей, кітап иелері! Келіңдер, сендер мен біздің арамыздағы ортақ сөзде бірлесейік....» (1, 3:64) - деп айтылады. Өкіл имам ортақ мүддеге шақырған Құран, мұсылмандарға басқа сенім өкілдеріне, тіпті, Аллаға сенбейтіндерге де мейлінше мейіріммен және түсіністікпен қарауды тапсырғанын айтып өтті.

Осы күнге орай Тараз қаласының бас имамы Қанат Әділханұлына өңірдегі конфессиялық келісімнің нығаюына қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігі дін істер басқармасының басшысы Омаров Жангелді Жайлауұлы өз атынан алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, елеулі еңбегі үшін орталық «Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Әміров Әбдіжаппар мен діни бірлестік өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Жиналыс соңында Қанат Әділханұлы айтулы күнмен құттықтап, «Қазақстан –Тараз» және «77» телеарналарына сұхбат берді.

Мереке күні «Тараз Арена» спорттық кешенінде кіші футбол, үстел теннисі және шахматтан жарыстар ұйымдастырылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары