Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚАМҚОРЛЫҚ
19 қазан, 2018 жыл 254 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Сарыағаш» медресе колледжіне қайырымдылық керуені жөнелтілді.

Бүгінде «Сарыағаш» медресе колледжінде еліміздің түкпір-түкіпірінен жиналған 700 шәкірт білім алуда. Алла жолында білім ізденіп жүрген бауырларға қолдау  білдіру мақсатында Шиелі аудандық орталық мешітінің бастамасымен, мешіт жанашырлары мен жамағаты медресені зиярат етіп, шәкірттердің жағдайымен танысты.

Шиелі аудандық орталық мешітінің Бас имамы Б.Ұлжаев шәкірттерге ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, оқуларына сәттілік тілей келе,  көмек ретінде арнайы ала келген 2 тонна күріш пен қосымша көкөністер өкілдік атынан тарту етті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары