Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ (ФОТО)
22 қазан, 2018 жыл 103 Басып шығару нұсқасы
Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің шәкірттері арасында волейболдан турнир өтті.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан төрт бағыттың бірі – оқу-ағарту жұмысы. Оқу-ағарту ісі Мүфтияттың басты жобаларының бірі. бұл туралы да көбіне-көп айтып, жазып келеміз. Бас мүфтидың бастамасы аясында, еліміздегі барлық мешіт-медреселерде оқу-ағарту жұмыстары қарқынды жүріліп келеді. Бұл игі іске Астана мешіттері де белсенді атсалысып келеді. Осыған орай, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де оқу-ағарту жұмыстары және жамағат арасындағы қоғамдық, рухани-мәдени һәм спорттық түрлі іс-шаралар белсенді атқарылуда.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, қалалық №80-мекеп-гимназиясының спорт залында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер арасында волейболдан айтулы турнир өтті. Аталмыш турнирге 8 команда, (әр қайсысында 6 спортшы) барлығы 48 спортшының қатысуымен қолдоптан күштерін сынады. 60-ке жуық көрермен белсенді жанкүйер болып, доданы қыздыра түсті.

Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары Марат Бектазинов және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы, Астана қаласы бойынша діни сауат-ашу курсына жауапты имам Нариман Исенов қатарлы құрметті қонақтар қатысып, шара барысында сөз сөйледі.

Сондай-ақ, турнирден жүлделі болған командаларға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің наиб имамдары Бағзат Ақжол, Серікбол Хаманұлы, Оңғар Хайридинов, және Нұрсұлтан Шамшидин қатарлы имамдар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Турнирдің нәтижесі:

Үшінші орын – Серікбол Хаманұлы ұстаздың шәкірттері.

Екінші орын – Бағзат Ақжол имамның шәкірттері.

Бірінші орын – Нұрсұлтан Шамшидин имамның шәкірттері

Үздік ойыншы – Азамат (Нұрсұлтан Шамшидин имамның шәкірті).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары