Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: "ЖАҢА БАСТАМА - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ"
25 қазан, 2018 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

Бүгін "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінде облыстық "Жастар ісі" секторының ұйымдастыруымен "Жаңа бастама - жарқын болашақ" тақырыбында облыс жастарымен кездесу өтті.

Кездесуге ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы, облыстық "Жастар ісі" секторының үйлестірушісі Қ.Отызбаев, сектор жанынан құрылған "Шын жүректен" еріктілер тобының жетекшісі С.Әбіл, облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ди⁠ректоры Ж.Алдабергенов, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" Жастар қанаты қалалық филиалының жетекшісі Б.Өткелбаев және де аймақтағы "Жастар ісі" секторының өкіл жетекшілері қатысты.

Елбасы жолдауын талқылаудан бастау алған шарада 2019 жастар жылы атқарылатын іс шаралар жоспарланып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сонымен бірге, облыстық Жастар ұйымынан келген қонақтар өкілдікпен бірге меморандум жасауға, бірлесе жұмыс атқаруға əзір екендіктерін жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары