Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Білім бәйгесінің жеңімпазы Ұмра сапарына аттанды
26 қазан, 2018 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

Алматы қаласында өткен «Раббым, білімімді арттыр!» атты сайыстың жеңімпазы кіші қажылық сапарына аттанды,-деп хабарлайды Алматы қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының бастамасымен үстіміздегі жылдың Рамазан айында мешіт жамағаты арасында «Раббым, білімімді арттыр!» сайысы ұйымдастырылған болатын. Аталған сайысқа 600-ден астам үміткер қатысып, өз бақтарын сынап көрген-ді.                   

Білім бәйгесінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі қасиетті Қадір түні күні көпшілік жамағаттың алдында өткізіліп, Ұмра сапарына арналған жолдаманы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаев табыстаған еді.

Соған орай, «сабақты иненің сәті» енді түсіп, «Достық тревел» қажылық компаниясының директоры Абдусамат Арипов өз демеушілігімен сайыстың бас жүлдегері – Төреханов Мұхаммедті Ұмраға, яғни, кіші қажылық сапарына аттанды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары