Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шымкентте зираттарды тазалау шарасы өтті
29 қазан, 2018 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бастамасымен қала аумағындағы мазарлар мен зират орындарын таза ұстау, қабірді зиярат ету тәртібін түсіндіру мақсатында «Өткенге құрмет – елге құрмет» деген атпен тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға Шымкент қаласында орналасқан Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан  әкімдіктері,  «Достық» университеті, «Парасат» колледжі, «Шымкент» медресе колледжінің ұстаздары мен студенттері,  мешіт қызметкерлері, қала тұрғындары  т.б. азаматтар қатысты.

Ұйымдастырылған тазалық шарасына қалалық «ЛТД-тұрмыс» ЖШС сынды тазалық мекемелерінің тарапынан жүк көліктері т.б. техникалар жұмылдырылды.

Өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы Шымкент қаласы аумағындағы 36 зират орындарында апта сайын тазалық күндері өткізілетіндігін хабар етіп, қабірлерді зиярат ету ережелері мен тәртіптерін кеңінен түсіндіріп берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары