Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
РАНТ мүшесі Жаркентте уағыз жүргізді
30 қазан, 2018 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

Талдықорған өңірінің өкілі, орталық «Иман» мешітінің бас имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы мен РАНТ мүшесі Алматы қаласы Наурызбай аудандық «Абу Бакир» мешітінің бас имамы Ахметов Мәди Панфилов ауданына  арнайы іс сапармен келді.

Шалғай ауылдарды аралап ауыл халқымен кездесіп, білім ошағындағы жастармен  жүздесті.

Аудан орталығында жат ағым мүшелері көп шоғырланған аудандық орталық мешіт пен Жаркент қалалық «Елтай» мешітінде  «Имандылық жемістері» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Үлкенағаш ауыл халқы мен Көктал ауылдық жастары Талдықорған өңірінің өкіл имамы мен РАНТ мүшесіне көкейдегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алып алғыстарын білдірді

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары