Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбе: Өкіл имам мешіт жұмыстарына мониторинг жүргізді
05 қараша, 2018 жыл 145 Басып шығару нұсқасы

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы Темір ауданында жалғасуда. Өкіл имам Төлеби Оспан аудан тұрғындарымен кездесіп, бірқатар іс-шараларға қатысты. Атап айтқанда Шұбарши, Қайыңды және Талдысай ауылдық мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен, жергілікті жамағаттарымен сұхбат құрып, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жамағаттың бірлігіне бағытталған, бірқатар маңызды тақырыптарда насихаттар айтылды. Сондай-ақ, Шұбарқұдық елдімекенінде жамағатқа арналған семинар өтті.

Сапар аясында жуырда ашылғалы жатқан жаңа мешіттің құрылыс жұмыстарымен де танысты. Кеңқияқ ауылында бой көтергелі жатқан мешіт екі қабат болып қаланған. Қабырғалары тұтастай қызыл кірпішпен өріліп, күмбезі, биік мұнарасы салынған. Мешіт жуырда ашылады деп күтілуде.

Ғасырдан астам тарихы бар Темір қалалық мешіті де биыл күрделі жөндеуден өтуде. Өкіл имам тарихи мешіттің тыныс-тіршілігімен, құрылыстың барысымен танысып қайтты. Жергілікті жамағаттардың демеушілігімен қайта қалпына келтіру жұмыстарына 16 млн-ға жуық қаражат жұмсалған. Құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда.

                                                                               

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары