Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбеде «Маған орамал сыйлаңыз» атты көрме өтті
05 қараша, 2018 жыл 169 Басып шығару нұсқасы

Әнге де, жырға да арқау болған түбіт шәлі шешелеріміздің басына әбден жарасып қалатын. Олар салқын, жел-құз тимейді деп оны белдеріне де орап алушы еді. Ақтөбе облыстық өнер музейінде «Маған орамал сыйлаңыз» атты тақырыппен өткізілген Орынбордың түбіт орамалының көрмесі оған деген сұраныс пен қызығушылықты бұрынғысынан да арттыра түскендей әсер қалдырды. 

Көрмені Орынбор облыстық Достық үйі мен «Бәйтерек» қайырым­дылық қоры және Ақтөбе облыстық әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Оған 200-ден астам түбіт өнімдері қойылды. Осы арада Орынбордың түбіт орамалының тарихы ХVIII ғасырдан басталатынын айта кеткен жөн. Қолда бар деректер Орынбордың түбіт орамалы тұңғыш рет 1857 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қойылғанын көрсетеді. Ал бұдан 5 жыл өткен соң, Лондонда өткен көрмеде орынборлық Ускова деген тоқымашы ешкі түбітінен тоқылған шәлі орамалы үшін арнайы медальмен марапатталған екен. Орынбор брен­дінің басты бір ерекшелігі, тап-таза ешкі жүнінен тоқылуында. Бұ­ған тал­шықтай да жіп араластырылмайды.  Көрмеге қойылған түбіт өнімде­рінің қай-қайсысы да көздің жауын алғандай.

Әйтсе де бұлардың арасында есімі Орынборға ғана емес, көршілес елдерге де кеңінен танымал қандасымыз Ғалия Әпсаламованың қолынан тоқылған түбіт орамалдар тіптен ерекше деуге болады. Оның айтуынша, соңғы жылдарда бұрынғы кеңестік кеңістіктегі тұрғындар арасында таза табиғи өнім – түбіт шәлілерге деген сұраныс артып келеді. Өрнектердің түрі мен әр­ленуіне қарай оның бағасы да әртүрлі.  Жоғарыда аталған Орынбор об­лыстық Достық үйі мен «Бәйтерек» қайырымдылық қорының төрайымы Сәуле Тайекешованың айтуынша, Ақтөбеде өткізілген көрмеге шәлі тоқитын шеберлер мен мүмкін­дігі шектеулі жандардың қолөнер бұйым­дары әкелінген. Бұл өнімдер сериялық тәсіл арқылы фабрикадан шыққан түбіт орамалмен салыстырғанда сапасы әлдеқайда жоғары екені анық. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары