Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында салт-дәстүр мен ұлы тұлғалардың дін жайындағы еңбектерін жетік білетін дін қызметкерлері мен имамдар арасында сайыс басталды. Бұл «Елтаным» байқауында алматылық 25 үміткер білімдерін саралауда.
«Елтаным» байқауы барысында салт-дәстүр, ырым-тиымдардың дінмен байланысын жетік меңгерген діни қызметкерлерге моральдық және қаржылай қолдау көрсетілмек. Қазақ даласына ислам дінін таратушы ұлы тұлғалардың еңбектері кеңінен насихатталу жолдары қарастырылады.
Байқау 3 кезеңде өтеді:
- Ұлттық салт-дәстүр мен ислам діні қағидаттарының үндестігіне қатысты білімін бағалау;
- Қазақ даласына ислам дінін таратушы ұлы тұлғалардың еңбектерін білу деңгейі;
- Уағыз барысында сайыскер тілінің әдеби нормаға сай тазалығын таразылау.
Елдің елдігіне үлес қосатын шараға жемісті нәтижелер тілейміз! Байқау жеңімпаздары 15 қарашада анықталады.
Пікірлер