Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ: «Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты семинар өтуде
13 қараша, 2018 жыл 161 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты семинары басталды.

Семинар жұмысын ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы ашып, жиынның мақсаты мен міндеттеріне кеңінен тоқталып өтті.

Осыдан кейін, елімізге белгілі тәжірибелі мамандар ҚМДБ-ның  «Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің" меңгерушісі А.Ұтысхан,  «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры докторант әрі оқытушы А.Сабдин және Түркістан облыс Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры А.Ноғаев қатысып, дәріс оқыды.

Аталмыш өткізудегі негізгі мақсат  -  қала аумағында орналасқан барлық мешіт имамдары мен «Шымкент» медресе колледждің ұстаздарына деструктивті діни ағымдардың алдын алуға, іс-тәжірибелері мен зайырлылық біліктіліктерін арттыру, жан-жақты дамыту мәселелерін қамту көзделуде.

Семинар жұмысы екі күнге жалғасады, жиын соңында барлық қатысушыларға біліктілікті арттырғаны үшін арнайы сертификат табыс етіледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары