Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Көкшетаудағы мәуліт мерекесі
20 қараша, 2018 жыл 228 Басып шығару нұсқасы

«Көкшетау» мәдениет сарайында Мәуліт мерекесі тойланды. Кеште Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің фольклорлық ансамблі, ақын Ж.Зандыбай, кеңес заманында және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел басқарған Болат Көшімбаев, Қоғам қайраткері, жазушы, «Ақмола-Тіршілік» серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев, айтыс ақындары А.Қалиев пен Д.Қамиев, Т.Аман, А.Тұрғамбек, жергілікті кәсіпкер Борис Козлов арнайы қонақ болды. Мүфтияттың ресми өкілі Жұманазар Садырханов айтулы мерекемен құттықап, ел ағаларына шапан жапты.

Кеш барысында «Науан хазірет» мешіті мен жергілікті «Зекет» қорының өкілдігі бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Ел үлесі – пәтерге!» акциясы аясында жалғызбасты, көпбалалы анаға Краснояр кентінен екі бөлмелі жаңа пәтер берілді. ҚМДБ-ның бөлім меңгерушісі А.Ұтысхан және Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит құттықтау сөздерінен кейін пәтер кілтін табыс етті.

Осы оқиғалардың куәсі болған кәсіпкер Борис Козлов ешкімге көрсетпестен 500 мың теңге табыс етсе, ал, Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Кенжетай Байкемелұлы отбасының есеп шотына 200 мың теңге қаржы аударатынын айтты.

Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев мешіттің «Ел үлесі — пәтерге!» бастамасын көпшілік болып қолдауға шақырды. Мешіт діни рәсімдерді ғана емес, ізгілікке де ерекше көңіл бөледі. Жыл басынан үшінші пәтерді үйдің тауқыметін тартып жүрген отбасылар алып отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары