Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«МАЗХАБСЫЗБЕН СҰХБАТ» КІТАБЫ СЫР ОҚЫРМАНДАРЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ
21 қараша, 2018 жыл 141 Басып шығару нұсқасы

Бүгінгі қаламыздағы Ә.Тажібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Зайырлылық – қоғамдық келісім кепілі» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция соңы салтанатты шаралармен жалғасты.

Атай айтар болсақ, ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жақында ғана шыққан «Мазхабсызбен сұхбат» атты авторлық кітабының лентасы қиылып,  Сыр өңірінің оқырмандарына жол тартты.

Наиб мүфти кітабының мазмұнын конференцияға қатысушыларға таныстырып, көпшілікке қолжетімді болсын деген ниетпен  облыстық әмбебап кітапхана қорына тарту етті.

Сонымен қатар, аталмыш шара аясында ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде қызмет атқарушы бірқатар имамдар аймақтағы конфессияаралық татулық пен төзімділікті нығайту, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын насихаттаудағы белсенділіктері үшін облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов мырзаның атынан тағайындалған «Алғыспен» марапатталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары