Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ РЕСЕЙДІҢ БІРІНШІ НАИБ МҮФТИІН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)
23 қараша, 2018 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир хазірет Мұхитдиновпен кездесті.

Басқосуда Қазақстан жəне Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы рухани байланыс сөз болды. Сонымен қатар Серікбай қажы Ораздың өткен рамазан айында Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары барысында атқарылған іс-шаралар туралы əңгімеленді.

Мəртебелі мейман ҚМДБ бастамасымен өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы оң пікірін білдірді. Дамир Мұхитдинов əлемдік діни татулық пен тұрақтылықты нығайту бағытында жүзеге асқан Қазақстанның маңызды игі бастамаларына тоқталды. Сонымен қатар Ресей мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін Бүкілəлемдік мұсылман форумына дайындық жұмыстары жайлы баяндап берді.

Кездесу соңында екіжақты əріптестік қарым-қатынасты арттыру мəселелері талқыланды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары