Дүйсенбі күні қаламыздағы Семей қалалық мәдениет сарайында әз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің туылған күніне арналған рухани-танымдық мәуліт кеші өтті. ҚМДБ-ның Семей аймақтық өкілдігі ұйымдастырған осынау салтанатты шараға хақ пайғамбарды қадір тұтқан қалалықтар мол жиналды.
Мерекенің мазмұнын байытып мәнін аша түскен Семей қалалық "Дариғай жастар театры өнерпаздарының дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды көрініс ретінде қойған актерлік шеберліктері көрермен көңіліне ой салып, көздеріне еріксіз жас келтіріп ерекше әсерге бөледі. Семей қаласының мешіт имамдарының айтқан Мәуліт салауаттары мен мадақтары, жиналған жұрттың жүрегін бір серпілтті. Мерекені ұйымдастырушы Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай жиналған көпшілікке салауат айтудың сауабы жайлы насихат айтты. Тағылымдық мән-мағынасы зор рухани шарадан қала халқы ерекше әсермен қайтқаны анық.
Пікірлер