Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Өкіл имам Әйіп қажы Бекенұлының 180 жылдығына арналған конференцияда баяндама жасады
29 қараша, 2018 жыл 268 Басып шығару нұсқасы

"Сайын даланың санатты ұлы". Осындай тақырыппен Атырау облысына қарасты Индер ауданында ғылыми танымдық конференция өтті. Бір кезеңдері қазақ даласына ислам дінін таратуда ұстаздық қызметтер атқарып, ел басқарған көрнекті тұлға Әйіп қажы Бекенұлының 180 жылдығына арналған конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Мансұров арнайы қатысты.

Ғылыми танымдық конференция жергілікті Қ. Абаханов мектебі оқушыларының сахналық қойылымы мен Сиранов мектебі оқушыларының өлең шумақтары арқылы басталды. Онда Әйіп қажы Бекенұлының өмірі мен ағартушылық қызметі жолындағы еңбектерін, шығыс елдеріне сапарлары барысында өркениеттің  озық үлгілерін өз халқына үйретуге бар күш жігерін салғанын, өзінің даналығының арқасында патшаның алғысын алып, елінің жоғын жоқтап, сауаттануына зор үлес қосқандығы туралы кеңінен мәлімет берілді.  

Конференцияда баяндама жасаған Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Әйіп қажы Бекенұлының 1898 жылдан бастап батыс өңірлеріне жаңа архитектуралық үлгіде өз қаражатына зәулім мешіттер салдырып, жастардың діни сауатын ашуға мол мүмкіндік бергенін де атап өтті.

"Әйіп қажы Бекенұлы бастапқыда Жалпақтал медресесінде оқып, кейін Қазан даласындағы жоғары діни білім беретін оқу орнында білімін жалғап, жоғары дәрежелі білім алған. Мекке жеріне үш мәрте барған ол Мысыр, Парсы, Араб, Шам елдерінде болып, шығыс елдерінің мәдениетін, өмір салтын көріп, оның озық үлгілерін өз халқына үйретуге бар күшін салған. 1913-1914 жылдары мешітті мектепке, медресе үйлерін жатақханаға айналдырып, алғаш рет жалпы білім беретін мектеп ашқан" деп атап өтті конференция барысында Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұров.

Айта кетелік, ғылыми танымдық конференция жұмысына Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Шахман Нағымов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, өлкетанушы Тыныштық Өтешқалиев және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып,  баяндама жасады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары