Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Маңғыстау: Әйелдер жамағаты Мауліт мерекесін атап өтті
29 қараша, 2018 жыл 121 Басып шығару нұсқасы

Жаңаөзен қаласы «Әбіш Қожа» мешітінде Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Әйелдер қыздар секторының жетекшісі Г.Джумағалиева мен мешіт ұстазы Д.Усибалиеваның бірлесіп ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында  Мәуліт кешіне арналған рухани жиын өтті.

Жамағат салауат айтудан жарысқа түсіп, I-орынды мешіттің тұрақты жамағаты Өтегенова Жәмиля апамыз Ислами нақыштағы сағат ұтып алса,  қалған қатысушыларға  «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы мен сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндерімізде да сауаптан қапы қалмай, Алла елшісіне деген махаббатын өлең-жырлармен жеткізді.

Жиын соңында жамағат мерекелік дастарханнан дәм татып, ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары