Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Министр Сирияның оппозиция делегациясымен кездесті
29 қараша, 2018 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

Аталған кездесулердің басты тақырыбына келіссөздердің күн тәртібі, орындардағы қазіргі жағдайды талқылау, соның ішінде Идлиб аймағында, САР-дағы ұзаққа созылған қақтығысты түпкілікті реттеу перспективалары, сондай-ақ Сирия жөніндегі Конституциялық Комитетінің құрамын қалыптастыру және жедел іске қосылу мәселелері кірді.

«Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы бейбітшілік құрудың жалғыз жұмыс істейтін және тиімді механизмі болып табылатын келіссөздер алаңын ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз», — деді Б. әл-Джаафари.

Оппозиция делегациясымен кездесу барысында А. әл-Тома Астана процесінің рөлін атап өтіп, Астанадағы келіссөздер Сириядағы дағдарысты шешуде жалғыз тиімді құрал екенін айтты.

Өз кезегінде, екі кездесудің шеңберінде Қ. Әбдірахманов гуманитарлық бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін, атап айтқанда, гуманитарлық көмек көрсетудің кедергісіз өтуіне жағдай жасау, жанжалға қатысушылардың арасындағы сенім шараларын одан әрі нығайту, тұтқынға алынған тұлғалармен алмасу процесін белсендету және қақтығыс аймақатырынан шетел азаматтарын эвакуациялау жолдарын дамыту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, босқындардың Сирияға қайтып келу тақырыбы қозғалды. Қазақстан тарапы БҰҰ-дың Женевадағы платформасындағы саяси реттеу жөніндегі күш-жігеріне өзінің қолдауын растады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары