Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АЛМАТЫДА БІР ЖЫЛДА 164 348 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)
03 желтоқсан, 2018 жыл 85 Басып шығару нұсқасы
Алматыда Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен жылдық қорытынды есепке арналған төралқа  мәжілісі өтті.
 
Есепті кездесуде Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қажы Шоқаев бір жылда шаһар имамдары қайырымдылық бағытында 1025 игі іс-шара өткізгенін атап өтті. Оның мəлімдеуінше, жыл басынан бері 164 348 əлеуметтік аз қамтылған отбасы мен жеке азаматтарға көмек көрсетілген.
 
Сонымен қатар, тасқын судан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғындарға 15 тоннадан астам тұрмысқа қажетті заттар жеткізілген.  
 
Діни ағарту саласы бойынша, Алматы мешіттерінде бір жылда 7 822 адам сауат ашқан.
 
Айта кетейік, Алматыда 50 мешіт қызмет етуде. Онда 221 дін қызметкері жұмыс істейді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары