Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ЕСЕП-2018: ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ ЖАРТЫ МИЛИОННАН АСТАМ АДАМҒА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)
03 желтоқсан, 2018 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

2018 жылы Елорда мешіттерінде күнделікті бесін, ақшам намаздарында Ислам тарихы, сенім, тəпсір, хадис, пайғамбар өмірі, Құрандағы қиссалар, əдеп, Ислам ғылымхалы, т.б. тақырыптарда уағыз айтылған.
Астана қаласы бас имамының орынбасары Бақытжан Өткелбаевтың айтуынша, үгіт-насихат шараларына 502 410 адам қатысқан.
Сонымен қатар Елордада бір жыл ішінде 3 672 адам сауат ашқан. Астаналық мешіт ұстаздары дəстүрлі емес діни бағытты ұстанатын азаматтармен 513 рет жеке кездесу өткізген. Соның нəтижесінде 20 адам радикалды райынан қайтқан.
Ал қайырымдылық бағытта атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша, 2018 жылы 8 497 отбасына мешіт тарапынан көмек көрсетілген. Құрбан айтта 2 981 шаңыраққа 20 тоннадан астам құрбандық еті таратылса, "Мектепке жол" акциясы аясында 1 270 оқушыға қажетті оқу құралдары үлестірілген.
Айта кетейік, Астанада 9 мешіт бар.

 

 



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары