Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шымкент:  РАНТ мүшесі «Нұр Төбе» мешітінде кешкі уағыз жүргізді
05 желтоқсан, 2018 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

Бүгін  Республикалық ақпараттық-насихат тобының РАНТ мүшесі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Құрсай елді мекені «Нұр Төбе» мешітінде «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» атты дәстүрлі кешкі уағызды жүргізді.

Дәстүрлі кешкі уағызды  белгілі имам,  РАНТ мүшесі, дінтанушы-ұстаз  Қабылбек Әліпбайұлы жүргізді.

Мешітке келіп уағыз тыңдаушылардың қатары толы болды. Уағыз барысында қасиетті Мәуліт мерекесінің қадір-қасиеті, Пайғамбарымыздың сүннеті амал ету, түрлі кереғар ағымдардың жетегінде кетіп қалмау сынды өзекті тақырыптарды қозғалды. Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауапты берді.

Кездесуге «Нұр Төбе» мешітінің имамы Бердалы Жамишев ұйытқы болғанын айта кеткен жөн.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары