Қарағанды 07:20 Таң
  • 07:20 Таң
  • 08:54 Күн
  • 13:08 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Шам
  • 18:46 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған; 1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат ...

АҚТӨБЕ: Медреседе Мәуліттің құрметіне Құран жарысы өтті

Ардақты Пайғамбарымыз дүниеге келген айдың құрметіне орай Ақтөбе медресе колледжінің І курс шәкірттерінің арасында Құран оқудан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты Құран оқу арқылы оның мағынасы мен аяттардың мәніне үңіліп, ондағы ескертулер мен насихатты өмірлік ұстанымға айналдыру.

Ақтөбе медресе колледжі кітапханашысы қызметін атқарып келе жатқанына 5 жыл толған, ардагер ұстаз Зейнеш Әбілқызы жарыстың ашылуын білім алу мен оның маңыздылығы туралы айтудан бастап:

«Қасиетті мәуліт айында Құранды көбірек оқып, ардақты Елшінің жасаған сүннет амалдарын көбірек жасау арқылы жаңғыртып, ізгі амалдарымызды қуаттай түсу керек. Осы жарыс арқылы талаптарыңды шыңдай түсіп, қасиетті Кәләмді оқыған сайын әр аятының мәніне үңіліп, күнделікті өмірлеріңде басты қағида етіп ұстануларыңа тілектеспін», деп жастарға тілегін білдірді.

Сайыстың талаптары бойынша қатысушылар өздері жаттаған бір сүреден 30 аят жатқа оқу, мағынасын түсіндіру. Қазылар тарапынан қойылған кез-келген сүрені жалғастыру және де тәджуид ережелері бойынша сауалдарға жауап беру. Сондай-ақ, «Мұнафиқтың неше белгісі бар?», «Таңғы уақытта қандай дұғалар айтылады?» деген секілді т.б қосымша сұрақтар қойылды.

Сынға түскен жеті қатысушының ішінен Нұрымбет Саламат «Ибраһим» сүресін оқып, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, І орынды иеленді. Баймағанбет Ғабидолла ІІ орынға ие болса, ІІІ орын Қуанғанұлы Наурызбай мен Жолдасбек Олжасқа бұйырды. Мырзағұл Серік ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Қалған қатысушыларға да сайыс сыйлықтары табыс етілді.

Жарыс кешінің соңында «Мешітке бар» өлеңін мәнерлеп оқыған ардагер ұстазға барша шәкірттер ризашылықтарын айтып, сайыс туралы өз пікірлерін білдірді. Жарыс ойдағыдай өтті.

Сайысқа төрелік етуші, медресе колледж ұстаздары Сапар Айсұлтан мен Қойшыбаев Нұрмұханға оқу ордамыздың кітапханасына жаңадан келген «Хз.Мұхаммедтің ұстаздық тағылым» атты кітапты Зейнеш әжеміз «Пайғамбарымыздай кемеңгер ұстаз болыңдар», деп аналық дұғасын айтып, тарту етті.

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика