Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: Қала, аудан  мешіттерінің  жылдық есебі жасалды
06 желтоқсан, 2018 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдары орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде 2018 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша есеп берді.

Кезекпен сөз  алған аудан, қала мешітінің бас имамдары өздеріне қарасты мешіттердің жыл бойы атқарған жұмыстарының көрсеткіштерін  слайд арқылы қысқаша баяндады.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы мешіт имамдарына атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша сын-ескертпелер берді, сонымен қатар аймағымызда өткізілген өнеге аларлық шараларды атап өтті.

Қорытынды сөзінде  облыстың бас имамы Павлодар облысы өкілдігіне қарасты мешіттер тарапынан атқарылған 2018 жылғы іс-шараларға оң бағасын беріп, тиісті сын-ескертпелерін  жасап келер 2019 жылы бұдан да белсенді жұмыс атқарылуы керектігін жеткізді.

Жиын соңында бас имам асыл дініміз жолында  қызмет етіп жүрген қала, аудан, ауыл имамдары арасына жарияланған «Үздік имам» бәйгесінің қорытындысы алдағы 17 желтоқсанда өтетін облыстық Мәуліт мерекесінде жарияланатынын айтып, мерекелік шараға барлық имамдарды белсенді ат салысуға шақырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары