Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Имамдар білікті мамандардан дәріс алуда
07 желтоқсан, 2018 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру Республикалық орталығында діни кадрлардың біліктілігін арттыру курсы Бейбітшлік және келісім музейі директорының орынбасары Мұқашев Аманбек Мұқашұлы арнайы ат басын бұрып, имамдарға «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында семинар жүргізді.

Семинар аясында А. Мұқашев еліміздің әр өңірінен келген имамдарға зайырлылық қағидаттары, діни төзімділік, дін мен мемлекеттің ара-қатынасы жайында жан-жақты түсінік беріп, аталған құндылықтардың діни қағидаттармен үйлесімі жайлы тұщымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Айта кетейік, өңір имамдарының біліктілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған қысқа мерзімді курс аясында имамдар әр түрлі пәндер бойынша білікті мамандар мен танымал теолог ғалымдардың семинарына қатысуда. Аталмыш курс әлі де жалғасуда.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары