Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде «Берекелі Мәуліт дастарханы» атты рухани шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараны Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахманов ашып, қасиетті мерекенің мән-маңызына ерекше тоқталды.
Мәуліт мерекесінде «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің найб имамы М.Тастанбеков Пайғамбарымызға салауаттар оқылып, арнайы мәуліт жыр-дастаны (хұтбасы) оқылды.
Осыған кейін, әйгілі Әл-Азһар универсиетінің түлектері, бүгінде еліміздің мешіттерінде ұстаз һәм имамдық қызметте жүрген «Сейіткәрім қажы» мешітінің бас имамы Е.Есенгелдиев, «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Д.Туленов, «Халифа Омар мешітінің бас имамы Д.Жұмабековтер жиналған жамағатқа кезек-кезегімен әсерлі уағыз айтты. Бұл имамдарымыздың уағыздарына жамағат дән риза болып тарасты.
Айта кету керек, рухани шара аясында «Абдулхамид Қаттани» мешіті жанындағы «Mumtaz» халал асханасында 120 жамағатқа мерекелік дастархан жайылды.
Пікірлер