Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шымкент: Қос өкіл имам «Нұр-Мүбәрак» студенттерімен кездесті
07 желтоқсан, 2018 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Жуырда   ҚМДБ-ның  Шымкент қаласы бойынша өкілі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев пен  Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде оқитын шымкенттік, түркістандық (бұрынғы оңтүстікқазақстандық) студенттермен кездесті.

Қос өкіл имам олардың  әрбірінің жағдайы, оқу барысы, үлгерімі т.б. жағдайларымен  жекелей танысып,  өтініш-тілектерін тыңдады.

Сондай-ақ, өз студентерімізге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы мн Түркістан облысы өкілдіктері тарапынан жасалып жатқан әлеуметтік қолдаулар болып жатқанын айтып өтті.

Кездесу барысында «туған жерге туыңды тік» бастамасы аясында оқу бітірген әрбір студент алдымен өз ауылыңнан бастау қажет екендігіне айрықша тоқталды.  

Мұнымен қатар, суденттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары