Ақтөбе мешіттеріндегі әйел жамағаты мерейлі Мәуліт мерекесін атап өтті.
Өткен аптада «Нұр ғасыр» мешіті және қалалық әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында Мәуліттің шарапатын насихаттаған шара ұйымдастырылды. Онда Пайғамбарлықтың алғашқы кезеңі, Оның ﷺ мұғжизасы жайлы көріністер көрсетіліп, көрермендер кейіпкерлермен бірге өткен ғасырларға сапар шеккендей болды. Мәуліт жыры мен Құрани Кәрім аяттары оқылды. Шәкірттер ардақты пайғамбарға арнаған жүрекжарды жыр жолдарын паш етіп, сүйіспеншілікке толы сағыныш хаттары оқылды. «Жүлде кімге бұйырады?» деген атаумен сайыс ұйымдастырылды. Шәкірттер бірнеше топқа бөлініп, Сира жайлы білімдерін таразыға алды.
Екі мешітте де дастархан жайылып, дәм басында Мәуліт айының маңызы туралы мәнді насихаттар айтылды. Дастарханға әдеткі тағам түрлерінен бөлек Пайғамбардың ﷺ ас мәзірі де қамтылды. Соның ішінде, сүйікті асы тәлбинадан дәм ұсынылды. Мешіт ұстаздары Пайғамбарға ﷺ сүйіспеншілік сүннетке ерумен, білімге талпынумен көрініс табатындығын айтып, үнемі ізденісте болуға үндеді.
«Нұр Ғасыр» мешітінде қосымша жәрмеңке ұйымдастырылды.
Пікірлер