Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Семей: Бесқарағайда өткен Мәуліт мерекесі
11 желтоқсан, 2018 жыл 32 Басып шығару нұсқасы

Семей өңірі Бесқарағай ауданында аудан имамы Серікжан Аманұлының ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі аудандық көлемде арнайы аталып өтті. Игілігі мол бұл шара аудан әкімі Даулет Бақытұлы және орынбасарлары, аудандық маслихат төрағасы, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, ауыл молдалары және Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат Қуанышұлының арнайы қатысуымен өтті.

Мереке Жыланды ауылдық мешітінің молдасы Ермекбаев Бауыржанның Құран оқып, дұға қылуымен және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының Мәуліт жырын қазақша айтуымен басталды. Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Даулет Бақытұлына берілді. Ол кісі жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, осы мерекеге арнайы келген өкіл имамға естелік сыйлық табыстады. Өкіл имам Мақсат Қуанышұлы тағылымы терең уағыз насихатын айтып, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлкен қолдау көрсеткен аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ҚМДБ төрағасы бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің «Ұлы Дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты.  

Бесқарағай  өнерпаздарының айтқан рухани әндері, дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды сахналық көріністері көрермен көңіліне ой салып, көздеріне жас келтіріп ерекше әсерге бөледі. Кеш соңында Бесқарағай ауданының имамы Серікжан Аманұлы жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, бұл мерекені жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсеткен аудан басшылығына, ауыл молдаларына, рахмет айтып аудандық өнерпаздарды алғыс хатпен марапаттады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары