Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БҚО: Бөкей-Орда ауданында мәуліт тойланды
11 желтоқсан, 2018 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

Аудандық орталық мешітте «Тәлімі мол Мәуліт айы мүбәрәк болсын» атты рухани шара болып өтті.

Мәулітке арналған салтанатты шара аудандық мешітінің бас имамы  Қуандық Берікұлы Құран аятын оқуымен басталды.

«Әр жылы рабиғ әл-аууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулiтiн мерекелеп, Алла Тағалаға біз хазреті Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмметi етiп жаратқанына шүкіршілігімізді білдіріп, сүйiктi елшісіне жамағат болып салауаттар айтамыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде Мәуліт айының дәстүрлі түрде және барынша кең ауқымда мерекеленуіне мұрындық болып келеді», – деді Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев.
«Мәулітке жиылған жұрт Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен үлгі алып, соған сай амал ету керектігін көкейлеріне түйсе,-деді Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің наиб имамы Назымбек Иманғалиев.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Л.Телманқызы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Ажығалиев,  ауыл әкімі  М.Аққалиев ақтілектерін айтып, жиналған жамағатқа арнап ақдастархан жайылып, иманды азаматтар мен жомарт жандарға сыйлықтар табыс етілді.  Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Е.Қадырұлы елімізге, халқымызға амандық, асыл дінімізге күш-қуат тілеп, дұға жасады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары