Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ислам қаржы саласының  әлемдік деңгейіндегі маманы Нұр-Мүбарак университетінде
12 желтоқсан, 2018 жыл 34 Басып шығару нұсқасы

Ислам банкингі бүгінде әлем бойынша көпшіліктің сеніміне ие болып, қанатын жая бастаған қаржы саласы. Шариғат негіздеріне сүйеніп, адал жолмен өркендеуші  банктер  Араб елдерімен қатар Малайзия елінде де тамырын терең тастаған. Малайзия Орталық банкіндегі Шариғат кеңесінің төрағасы, Малайзия құнды қағаздар жөніндегі комиссияда, Әлемдік деңгейдегі Қаржы мекемелеріндегі Шариғат кеңестерінде (AAOIFI) (Бахрейн), Халықаралық Ислам қаржы Нарығы (Бахрейн), Morgan Stanley (Дубай), Лондон, Таяу Шығыс  (Лондон) банктерінде лауазымды қызмет атқарушы Датук доктор Мохаммад Дауд Бакар Қазақстанға арнайы іссапармен келіп, Нұр-Мүбарак университетіне арнайы ат басын тіреді.

Құрметті қонақты  ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди мен проректор, доцент Қайрат Құрманбаев қабылдады. Негізгі танысып, білісуден соң, тақырып Нұр-Мүбарак университетінде ислам қаржыгерлерін даярлауға қатысты өрбіді. Себебі бұл уақыт талабы әрі қажеттілікке айналған сала. Сондықтан болашақта Нұр-Мүбарак университетінде шариғат талабына сай қаржыгерлерді даярлау жан-жақты ізденстерді талап етуде. Малайзиядағы Amanie Advisers  Group компаниясының негізін қалаушы қаржыгер маман Нұр-Мүбарак университетінде шариғат талабына сай қаржыгерлерді даярлау бөлімінің ашылуы үшін барынша ақыл-кеңесін аямауға, тегін көмек көрсетуге  дайын екендігін ашық жеткізді. Нұр-Мүбарак университетінің басшылары да Датук доктор Мохаммад Дауд Бакар мырзаның ынта-ықыласы мен риясыз ниетіне шексіз ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында құрметті қонақ Датук доктор Мохаммад Дауд Бакар мырзаға университет көрінісі мен қазақы нақыштағы сыйкәде ұсынып, естелік суретке түсті. Болашақта өзара әріптестік байланыс болатындығына сенімдерін білдірді.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары