Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ: Имамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспек
13 желтоқсан, 2018 жыл 138 Басып шығару нұсқасы

Жуырда, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов, қалалық ішкі саясат жіне дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғ.Байсариев, Орталық мешіттің найб имамы Қ.Ерғазиев, имамдар мен мешітке келген азаматтар қатысты.

Кездесудің мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамды тарту, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Кездесуді жүргізген Айбек Ақбергенұлы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою бойынша департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сонымен бірге, А.Шілманов  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, адамның рухани-адамгершілік жағдайын қалыптастыруда,  сонымен қатар адамдарда кез келген заң бұзушылыққа төзбеушілікке тәрбиелеуде дін өкілдерінің үлесі басым екендігін атап өтті.

Осы тұста, өткен жұма намазында қаладағы 104 мешітте тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылып, қала имамдары бірауыздан қолдау білдірді.

Іс-шара қатысушылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды түсіндіруді бала кезден бастау қажеттігін айтып, мұндағы отбасының рөліне тоқталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары