Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ»
13 желтоқсан, 2018 жыл 162 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Достық үйінде аймақтағы жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйым жетекшілеріне арналған «Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық «Сыр дидары» газетінің редакторы Сәкен Алдашбаев, «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Гүлсара Әбдіхалықова, «Ыбырайым молда» мешітінің бас имамы Талғат Нұрман және орталықтың теолог мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекетіміздің ұстанымындағы дін саласындағы саясатын жүзеге асыру және қоғамдық пікірді тыңдау арқылы деструктивті діни ағымдардың алдын алуда жаңа тәсілдерге қол жеткізуді жүзеге асыру міндеттелген. Осы мақсатты көздеген жиын барысында баяндамашылар зайырлылық мәні жайлы ой қозғап, көпшілікке дінаралық қағидаттарға қатысты пікірлерін білдірді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тарапынан да тақырыпқа қатысты ойлар айтылып, мемлекеттің ынтымағы мен бейбітшілігін одан әрі нығайту бағытындағы жұмыстар сараланды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары