Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы Дін істері жөніндегі басқармасы Нұр-мүбарак университетінің ұстаздарын марапаттады
13 желтоқсан, 2018 жыл 183 Басып шығару нұсқасы

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары елімізде жан-жақты жүргізіліп жатқаны белгілі. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы 2018 жылғы жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасай келе, бірқатар мамандарға алғыс жариялады. Нұр-Мүбарак университетінің мамандары, оқытушы-ғалымдары Қайрат Затов, Оралхан Сейдманов, Жайдар Рахымғазиев, Альбина Дүйсенбаева, Айша Кеңесбай  жыл бойы Алматы қаласында жүргізілген жұмыстарға сай Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков Алғыс хат табыс етті.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы»  Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бір жылда 600-ден аса іс-шара өткізген. Жалпы 70 мыңға жуық тұрғын қамтылған. Осы жолда қызмет еткен мамандарға Дөңгелек үстел басында жылдық қорытынды жасалып, алғыс жариялап ең белсенділік көрсеткен лекторларға сый-сыяпат берілді. Алдағы жылы бұдан да жоғары нәтижелер болатындығына сенім білдірілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары