Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы: Медресе студенттері Ғылым ордасымен танысты
14 желтоқсан, 2018 жыл 99 Басып шығару нұсқасы

«Әбу Ханифа» медресе колледжінің студенттері Алматы қаласындағы  Ғылым ордасымен танысып қайтты. Танысу барысында музей қызметкерлері Ғылым ордасының ғимараты 1957 жылы сәулетші Алексей Викторович Щусевтің жобасы бойынша салынғандығын әрі ғимараттың сәулетінде классикалық сарын және қазақ ұлттық нақыштағы элементтердің пайдаланылғанын айтты. Соған қоса медресе шәкірттері Ғылым ордасында орналасқан төрт түрлі мұражайға экскурсия жасады. Олар: «Табиғат музейі» мен «Археология музейі», сондай-ақ екі жаңа – «Сирек кездесетін кітаптар музейі» мен «Қазақстан ғылымының тарихы музейі». Шәкірттерге әсіресе сирек кездесетін кітаптар музейінде орналасқан бұрынғы араб тілінде жазылған кітаптар ерекше көңілдерінен шықты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары