Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ:  ҚМДБ «Халал даму» бөлімінің «Адал ас- берекет» атты семинары өтті
12 наурыз, 2019 жыл 102 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басақармасының жанынан құралған «Халал даму» бөлімінің Шымкенттегі бөлімінде «Адал ас- берекет» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Шымкенттегі «Халал даму» бөлімінің жетекшісі Қазыбек Сарыбаев, «Абдулхамит Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдурахманов және биылғы жылы 18 халал сертификатына ие болған халал дәмхана меңгерушілері қатысты.

Семинарда арнайы дайындалған слайдтар көрсетіліп,  халал астың жай күйі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, тағамдық қоспалардың маңыздылығы, алыну технологиясы, адам денсаулығына зияны мен пайдасы жөнінде дәріс оқылды.

Өз кезегінде, қаламыздың өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың арнайы сәлемдемесі жеткізіліп, кәсіпкерлерге табыс, жұмысына береке, елімізге жақсылық тіледі.   

Осы орайда, әріптесіміз Шымкенттегі «Халал даму» бөлімінің жетекшісі  Қазыбек Сарыбаев жуырда Астана қаласы ҚМДБ-ның Бас кеңсесінде өткен басқосуда Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің алғыс хатын алған болатын. Марапат құтты болғай!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары