Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанай: Шахмат пен тоғызқұмалақ
11 наурыз, 2019 жыл 3 Басып шығару нұсқасы

Рудный шаһарында «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен спорт ойынынан сайыс өткізілді. Ойын барысында мешіт жамағаты шахматтан  бақтарын сынады.   Барлық ойыншылар өздерінің жақсы әзірліктермен келгендігін танытты. Жарыстың қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Азамат Серікбайұлы қатысушыларға шынайы алғысын білдірді.

Оларға яғни жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар тапсырылып, мақтау қағаздарымен марапаттады. Онда бірінші орынды Талап Сейдахметов, екінші орынды Жалғас Шериев, үшінші Ерболат  Әлмұхамедов иеленді.

Ал Рудный қаласына қарасты Қашар кентіндегі «Кәмшат ана» мешітінде  де жамағат «Тоғызқұмалақ» ойынын қыздырды. Мұндай шаралар жамағаттың ынытмақ бірлігін нығайтуға септігін тигізері хақ. 

Мұнда бас имам Мұрат Нұрпейісұлы жеңімпаздарға құрмет көрсетіп, арнайы мақтау қағаздарын салтанатты түрде табыс етті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары