Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Маңғыстау: Бірінші байлық- денсаулық
11 наурыз, 2019 жыл 76 Басып шығару нұсқасы

«Ислам және жастар» жылы аясында ,салауатты өмір салтын насихаттау, әйелдер жамағатының ынтымағын арттыру мақсатында  Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Әбішқожа мешітінің ұстазы Д.Усибалиеваның ұйымдастыруымен әйелдер-қыздар арасында «Бірінші байлық-денсаулық» атты волейболдан және жеңіл атлетикадан жарыс өтті.

Әйелдер жамағаты сайысқа белсене қатысып, ойын тартысты да қызықты өтті. Жарыс қортындысы бойынша волейболдан «Самұрық» тобы-I орын, «Кәусар» тобы -II  орын, «Рахат» тобы -III орындарға ие болса, жеңіл атлетикадан Айгүл Мыңжасарова I орын, Кейікова Толғанай II  орын, Әліпбай Тілекші III орындарға ие болып, жүлделі орын иегерлеріне сыйлықтар мен марапаттау қағаздары тарту етілді.

Ұйымдастырушылар спортқа қызығушылығы артқан жамағатқа алдағы уақытта мұндай спорттық шараларды жиі ұйымдастырып тұратынын айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары