Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанай: Студенттер ел болашағы
14 наурыз, 2019 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Жуырда ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша «2019 жыл – жастар жылы» аясында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Қосылбаевтың  қатысуымен 4-ші және 1-ші  курс студенттерімен «Иманды жас буын – ел болашағы», «Дәстүрлі емес діни жат ағымның залалы» атты тақырыпта кездесу болып  өтті.

Бұл жүздесуге келген 60-қа жуық жастарға «Иманды  ұл, инабатты қыз және ата-ана» туралы кең ауқымда баяндама оқыды. Сонымен қатар студенттер назарына «Теріс ағымның залалы» тақырыбында бейнеролик ұсынылды. Студенттер тарапынан «Дүние жүзіндегі діни қақтығыстарға Ислам дінінің ықпалы бар ма?», «Әйел және қыз баланың исламдағы орны қандай?» деген сұрақтарға жауа берілді.

Сөз соңында наиб имам жастарға білікті маман иесі болып, еліне адал қызмет етуге шақырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары