Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Ғылмани» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды (ФОТО)
15 наурыз, 2019 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Астана қаласындағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті жұма намазына жиылған жамағатпен жүздесіп, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен таныстырып өтті.

Елорда төріндегі еңселі мешіттің басшылық қызметіне республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов тағайындалды. Ал, бұған дейін бес жылдан астам «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметін абыроймен атқарған Жұманазар Садырханов республикалық Бас мешіттің наиб имамы қызметіне ауысты.

Қос қызметкердің де қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі жайлы наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа қысқаша жеткізе келе, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі. Жамағат атынан Жұманазар қариға алғыс білдіріп, ілтипат танытты. Мешіт көркі болған ақсақалдар қауымы да Жұманазар Өсерханұлына ақ баталарын беріп, жаңа бас имамға құттықтауларын жеткізді.

Рамазанов Нұрлан Бекболатұлы

1985 жылы  14-қазанда Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген.

2000-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Даруль-арқам» Құран жаттау қарилық медресесінде оқыған.

2003-2005 жылдары Алматы қаласындағы «Тайба» қазақ-араб колледжінде білім алған.

2005-2009 жылдары «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» факультетін тәмамдаған.

Сирия Дамаск қаласындағы «Фатхул ислам» институтының курсында; Египет астанасы Кайр қаласындағы «Әл-Әзһар» университетіне қарасты имамдардың білім жетілдіру курсында; «Нил» араб тілі орталығында; Египет Александрия қаласында Уақыф және Ислам істері министірлігіне қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» орталықтарында діни білімін жетілдірген.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

2009-2011 жылдары Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы;

2011-2013 жылдары Атырау облысы, Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы;

2013-2014 жылдары Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы;

2014-2017 жылдары «Нұр Астана» Орталық мешітінің наиб имамы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін абыроймен атқарып келген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары